"ОҚЫҒАН ЖАСТАРҒА" /үндеу/ Тарыдай қазақ тоз болған... Ол күндер өтті десек те. Бұл елде қулар қаптап жүр Құрғаны бақай есептер. Алтыннан салған ер-тұрман Абырой болды есекке. Арғымақтан туған қазанат Таңылды тірі төсекке. Ұры мен қары Ұлық боп Ұлтым деп қояр кей уақыт Ұры ит бастанған Ұлтан құл Көтерер кеуде тек жатып. Тектілер тұрған Тұран тақ Тексізге толды осы шақ. Алашым деген ұран көп Тақымы бірақ нық емес. Түйені жұтқан төреге Шыбын тірлігің түк емес. Сүлікті сүлік сормайды Адамды адам сорады. Төбетің төре болса егер Сүйекке салық салады. Елі үшін емес,бұл күнде Еліне қайғы ездер көп. "Халқым"деп қара көрсетіп Қара шаруаға қыры жоқ. Шендінің шіркін шіреніп Тұрысы неткен тəкаппар! Туғанды бидің тірлігі Төсінде темір атақтар. Емі жоқ дертке шалдыққан Депутат деген атақ бар. Болашақ жарқын дейді олар Өздері жайлы əрине. Садақа сынды бергені Бір-екі теңге əр үйге. Шындықты жазар мен емес Тыңдайды,халық, қояды Бүгінгі ұрпақ бұл ұрпақ Ұятты қоғамның қонағы. Қытайдың жуан балдағы Орыстың шірік алдауы Арабтың бұзық ниетін Біз бе едік,жұртым сүйетін. Əдет боп əлде қалды ма?! Өзге қамытты киетін. Рухсыз елде уақытша Бостандық ,байлық,бəрі игі Құлаған кезде өрлігің Өмірің қоса құриды. Қазіргі бағыт сан тарап Қорғашта елді қалқалап. Ұлтым-ау деген ҰЛ сөзі Ұлтын сүймеген-ұлтарақ. Азшылық мейлі болса да Баршылық ерлер қаншама. Бір Отан үшін терің төк Батыр болам деп аңсама. Тіл дегенің-төлқұжат. Дін-қосымша куәлік. Шатасып,сірə,былғама Ислами елдер жетерлік. Қазақтың ұлты бір ғана. Ұлылар жазған көп бəйіт Оқысаң,бəлкім,ұғарсың Ішіме болды сыймастай Тықыршып барып-тынарсың. Заманды көрдің жас қазақ Жазғаным тек бір парасы. Отаным деген Ұл болсын Ұлағат сіңген санасы. Біздерге қалған көп міндет Жауапкер ертең сіз бен біз. Тарихты оқу-түк емес. ТАРИХТЫ ЖАСАУ КЕРЕКПІЗ! (С)АМАНБОЛ ЖИНАЛҒАНҰЛЫ

Теги других блогов: қазақ тарих әдебиет